Тоқаев білім беру саласындағы Финляндия сарапшысы Паси Салбергті қабылдады

0
64

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы Финляндия сарапшысы Паси Салбергті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Парламент сенатының баспасөз қызметі.

Тараптар кездесу барысында сапалы  білім беру мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру, адам капиталын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Тоқаев Қазақстандағы танымал фин зерттеушісі және білім беру саласындағы сарапшы Паси Сальбергті «Болашақтағы білім беруге арналған құндылықтар, игіліктер және инновациялар» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырды.

Сенат Төрағасы Сенатта өткен парламенттік тыңдаулар мен орта білім беру жүйесінің заңнамалық реттеу мәселелері мен келешегі туралы хабардар етті.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз