Қазақстан Өзбекстанмен шекарада орын алған кептелісті реттейді

0
50
ашық дереккөзден

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы биылғы жылы шамамен 15% -ға өсті және 68 млн доллардан асты.

Күн сайын шекараны 250-ге дейін көлік кесіп өтеді. Бұл өткен жылғыдан екі есе көп деп хабарлайды Informburo.kz.

Бауыржан Қонысбаев атындағы кеден бекетінде жүк ағынының артуына байланысты 180 жүк көлігінің кезегі қалыптасты. 2018 жылы Бауыржан Қонысбаев және «Қапланбек» бақылау-өткізу бекетін кеңейту көзделуде.

«Біз тәулігіне бекеттен 500 көлікке дейін өткіземіз деп болжап отырмыз. Бұл 10 жолақ әрбір өткізу бекетінде екі бағытта болады. Және, тиісінше, бұл жұмысты Өзбекстанмен бірігіп атқарамыз», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқарамасы бөлімінің басшысы Тимур Мырзағалықов.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз