Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

0
30

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры »АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қыхметі.

Кездесу барысында қорды одан әрі дамыту, жобаларды іске асыруға қатысу, Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк және жолаушылар паромдарын пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, 2018 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.

«Самұрық-Қазына» қоры 2008 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған болатын. Инвестициялық холдингтің міндеті ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау болып табылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз