Жапония АҚШ пен КХДР саммиті барысында Солтүстік Кореяда қамауда отырған жапон азаматтары, ядролық және ракеталық қару мәселелері шешіледі деп үміттенеді. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуден кейінгі баспасөз мәжілісінде хабарлады.
Синдзо Абэ «АҚШ пен Солтүстік Корея саммиті тарихта орын алатын және ядролық қаруды, жаппай қырып-жоятын қаруды, әртүрлі баллистикалық зымырандарды және жапон азаматтарының маңызды мәселелерін шешуге жол ашады деп үміттенемін. Біз жапон азаматтарының, ядролық және зымырандық бағдарламалардың мәселелерін шешу үшін Жапония-АҚШ және Жапония-АҚШ-Оңтүстік Корея форматтарында тығыз ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді.
Еске саламыз, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесуді мамыр айында өтеті деп болжаған болатын.