Трамп Путинмен “өте жақсы” әңгіме өткенін мәлімдеді

0
79
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Флоридаға ұшпас бұрын журналистерге ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуі «өте жақсы» өткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News эфирінде айтты деп хабарлайды РБК.

«Біз Президент Путинмен тамаша әңгіме өткіздік. Біз Сириядағы бейбітшілік туралы әңгімелестік, бұл өте маңызды. Біз Солтүстік Корея туралы сөйлестік», – деп мәлімдеді Д. Трамп. Бұған қоса, Трамп Украина күн тәртібіне тоқталғандарын айтты.

Ол Путинмен тілдесу бір жарым сағатқа созылғанын, ал Сирия, Солтүстік Корея және Украинадағы жағдайды реттеу туралы пікірталас нақты тұстарын көрсетпестен  ерекше қатаң, айқын болғанын алға тартты.

Атап өтерлігі, В. Путин мен Д. Трамп 21 қараша күні кешке телефон арқылы сөйлесті.

Кейіннен Ақ үй екі президенттің телефонмен сөйлесуі бір сағатқа созылғанын мәлімдеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз