Қалыңдық оқиға орнында қаза тапты. Күйеу жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Йемендегі Араб елдері коалициясы әуеде бомбалау кезінде жарылғыш заттың бірі үйлену тойы болып жатқан шатырға құлаған. Салдарынан 20 адам көз жұмды. Сонымен қоса 45 адам ауыр жарақаттанды. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың басым бөлігі әйелдер мен балалар.
Жедел-жәрдем автокөліктері әуе шабуылының салдарынан шатыр маңайына жақындай алмаған.
Аурухана меңгерушісінің орынбасары жарақат алғандар арасында 30-ға жуық баланың ауыр жағдайында екенін мәлімдеді.
Денсаулық сақтау органдары тұрғындардан зардап шеккендер үшін қан тапсыруға шақыруда.
Сауд Арабиясы басқарған араб коалициясы Йемендегі Хусит көтерілісшілеріне қарсы күресіп, халықаралық деңгейде танылған билікті қалпына келтіруге тырысуда. Бүгінде бүлікшілер елдің солтүстігіндегі аумақтардың көпшілігін, сондай-ақ, ел астана – Сана қаласы басқарып келеді.