Қырғызстан қаржылай көмектен ресми түрде бас тартты – СІМ

0
26
ашық дереккөзден

Қырғызстан Қазақстанның  көрсеткен қаржылай көмегінен бас тартатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

СІМ мәліметінше 23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күштерін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде хабарлады.

Қазақстанның Қырғызстанға 100 миллион доллар көлемінде жәрдем беретіні туралы келісімге  2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғарғы Еуразия экономика кеңесінде қол қойылған. Жәрдем беру туралы уағдаластық одан бұрын жасалғанымен, қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі бүгінге дейін созылып келген болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз