Әріптесін өлтіріп алған Ресейлік әскери қызметкер өзіне қол жұмсады

0
86

Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің жауынгері Армения полигонында әріптесін атып өлтіріп, соңынан өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды РИА Новости.

23 қазан Арменияның “Алагияз” оқу орталығындағы жаттығулардан кейін Ресейлік әскери қызметкер қауіпсіздік талаптарын қатал бұзып, әріптесін атып өлтірді. Болған жәйттан шошынған жауынгер жауапкершіліктен қорқып, артынша өзіне қол жұмсады.

Аталған жайтқа байланысты қазіргі таңда, Ресейдің Оңтүстік өңірлік әскери округі оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Арменияға арнайы құрылған комиссия жіберді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз