Қырғызстанның Бас прокуратурасы сайлау алдындағы науқан кезінде конституциялық тәртіпті бұзуға шақырғаны үшін Президентікке үміткер болған Өмірбек Бабановтың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды елдің қадағалау ведомствасының баспасөз қызметі.
«Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Өмірбек Бабановқа қатысты Республиканың Қылмыстық кодексінің «Этносаралық дұшпандықты қоздыру», «Конституциялық тәртіпті бұзуға шақыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлайды баспасөз қызметіне сілтеме көрсетіп РИА Новости.
Ведомстваның мәліметінше, 28 қыркүйекте елдің оңтүстігіндегі сайлау алды үгіт-насихат кезінде Ө. Бабанов Ош облысы сайлаушыларының алдында сөйлеген сөзінде халықтың бір бөлігін ұлтшылдыққа шақыру ретіндегі сөздерге жол берген.
Атап өтерлігі, Қырғызстанның жаңа президентін сайлау 15 қарашада өтті. Аталған лауазымға 11 үміткер өтініш берген. Үкімет партиясының атынан үміткер болған, экс-премьер Сооронбай Жээнбеков 54,7 пайыз дауыс жинады. Жээнбековтың қарсыласы оппозиция атынан үміткер болған Өмірбек Бабанов 33,7 пайыз дауыс жинаса, Адахан Мамуров 6,55 пайыз дауыс жинаған.
Сайлаудан кейін Бабановтың жақтастары митингқа шықты. Бабановтың өзі жақтастарын «арандатуға ұшырамауға» шақырды. Ол билікті басып алмайтынын және сайлаушылардың құқын заң жолымен қорғауға ниетті екенін мәлімдеді. Қырғыз Ішкі істер Департаментінің хабарлауынша, акция бейбіт түрде өткен, құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстаған.
Сабина Сайлаубай