Қырғызстанда төңкеріс әрекеті: Атамбаев Ресейге бармайды

0
57

Қырғызстанда кей саяси топтардың президенттік сайлау алдында төңкеріс жасауға әрекеттенуіне байланысты қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 10-11 қазан Сочи қаласында болатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері басшыларының бас қосуына барудан бас тартты. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабарламада

Сайлау күні қарсаңында орын алған келеңсіздіктің белгілі бір саясаткерлердің қылмыскерлерді тарта отырып жасаған іс-әрекеті, және осындай саясаткерлердің шетелден қаржылық қолдау көргенін ескере отырып, президент елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті жеке бақылауға алу үшін жоспарланған іс-сапардан бас тарту туралы шешім қабылдады.

деп жазылған.

Қырғызстан  президенті Атамбаевтың Сочиге сапары 10-11 қазан аралығында болатын. Атамбаевтың орнына Сочиге Қырғызстан делегациясы Премьер-Министрі Сапар Исаков баратын болды.

Естеріңізге сала кетейік бұрын Алмазбек Атамбаев қазақстандық билікті өз елінің ішкі саясатына араласуға тырысты деп айыптаған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз