Сағынтаев Қырғызстан Президенті Атамбаевқа жауап қайтарды

0
52

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан тарапына айтқан сөздеріне байланысты ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады. Бұл туралы Primeminister.kz. сайтында жарияланды.

7 қазан, өткен сенбі, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір аспектілеріне қатысты бірқатар жағымсыз мәлімдеме жасады. Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға деген ұмтылысымызды растай отырып, Қырғызстан президентінің сайлау алдындағы жауапсыз, арандатушылық және жалған мәлімдемелері біздің елдеріміз арасындағы ғасырлар бойы достық пен өзара көмек байланыстарын бұзбауы керек. Осыған орай мен Қырғызстан халқына Қазақстанның нақты экономикалық дамуы туралы дереу хабарлауға шешім қабылдадым.

Егеменді Қазақстан экономикасы

Тәуелсіздік жылдарында біздің экономикамыз 20 есеге өсті.

2012 жылы Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді.

Елде күшті ұлттық бизнес құрылды. Дүниежүзілік “Doing Business” банкінің рейтингінде Қазақстан 35-ші орында тұр. Бүгінде 1,3 млн бизнес құрылымдары жалпы ұлттық байлықтың ¼-ін құрайды. Соңғы 10 жылда Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында автокөліктер, локомотивтер, вагондар, тікұшақтар және тағы басқа өндіретін жаңа өндіріс орындары салынды. Біздің елімізде ешқашан өндірілмеген 500 жаңа өнімінің өндірісі игерілді.

Қазақстанның көлік инфрақұрылымы көлемді түрде жаңғыртылуда. 25 жыл ішінде 10 мың шақырымнан  астам жол салынды және қайта жаңартылды. Алдағы жылдары, сонымен қатар, ұзындығы 8000 шақырымнан астам автокөлік жолдары желісі жаңартылады.

Біз қазақстандық учаскенің құрылысын толығымен аяқтадық.

Ұзындығы 2800 шақырым болатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтинентальды магистралі. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол салынды.

Ақтау айлағының инфрақұрылымы кешенді түрде жаңартылды, жаңа паромдық Құрық айлағы салынды.

Каспийдегі теңіз айлақтарының өткізу қабілеттілігінің жалпы көлемі 26 млн.тоннаға дейін артты. Жыл сайын жаңа әуежайлар мен теміржол станциялары іске қосылады.

Қазақстандағы тұрғын үй саясаты

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 120 миллион шаршы метр тұрғын үй тұрғызылып, 1,1 миллион отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

2017 жылдың 8 айы ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6,9 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның ішінде 18,3 мың жеке үйлер салынған. 61 мыңнан астам қазақстандық отбасылар өздерінің өмір сүру жағдайларын жақсартты.

Тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Тек биылғы жылы 10,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деп мәлімдейді Б. Сағынтаев.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті басшысының айтуынша, елде әлеуметтік инфрақұрылым белсенді дамып келеді. 1,3 мыңнан астам жаңа аурухана мен емхана, 500 жаңа балабақша және 1,4 мың мектеп салынған.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасына сәйкес еліміздің 12,5 мыңнан астам жас азаматы әлемнің 35 еліндегі ең үздік 200 жоғары оқу орындарында білім алды. Жыл сайын орта есеппен 270 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Егеменді Қазақстанның әлеуметтік хал-ахуалы

Соңғы 15 жылда Қазақстандағы орташа жалақы мен зейнетақы көлемі 10 есеге артты. Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының ресми деректеріне сәйкес, Қазақстандағы ең төменгі және орташа зейнетақылар Қырғызстанға қарағанда сәйкесінше,  5 және 3 есе жоғары. Біздің еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 72,3 жылға дейін ұзарды», – деп атап өтті премьер-министр.

«Қызмет көрсету тарифтеріне келер болсақ, қазір Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін теңдестіруді есепке ала отырып, негізгі құралдарды жаңарту мен жаңғыртуға  арналған жаңа үлгі іске асырылуда. Сонымен бірге, гидроэлектростанциялар өндіретін электр энергиясына арналған тарифтер қазба энергиясының энергия көздері есебінен алынатын электр энергиясының тарифтерінен төмен.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көзқарасын жүзеге асырып, біз жаңа елорда – Астана қаласын құрдық. Елорданың дамуына 50 миллиардтан  астам АҚШ  доллары инвестицияланды. Бүгінде Астана тұрғындары 1 миллионнан асты», – деп хабарланады Б. Сағынтаевтың мәлімдемесінде.

Бұдан өзге Б. Сағынтаев биылғы жылы Астанада алғаш рет бүкіл ТМД-да Дүниежүзілік EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» атты халықаралық мамандандырылған көрмесі өткенін атап өтті. Оған 115-тен астам мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені шамамен 4 миллион турист тамашалаған.

«Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы, қолайлы инвестициялық ахуалы арқасында, ірі трансұлттық корпорациялар Қазақстан экономикасының барлық салаларында жұмыс істейді. Тәуелсіздік жылдарындағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 265 млрд. АҚШ долларын құрады. 2000 жылы мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Бүгінгі күні Ұлттық қордың және Қазақстанның алтын валюта резервтерінің жалпы көлемі шамамен 91 млрд. АҚШ долларын құрайды», – деп деректерді келтіріп өтті.

Қазақстан мен Қырғызстанның өзара ынтымақтастығы турасында

«Тұрақты экономикалық даму, елдің ІЖӨ-нің үдемелі өсуі Қазақстанға серіктес елдерге әртүрлі көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік Достық туралы шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Ұжымдық қатынастар туралы шарттың рухында Қырғыз Республикасымен бауырлас және тату көршілік қатынастарды нығайту саясатын дәйекті жүргізіп келеді.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Қырғызстан халқына әрдайым бауырлас болды, әсіресе күрделі кезеңде Қырғызстан басшылығының өтініштеріне түсіністіктанытты, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге барынша жәрдемдесті және энергия жеткізу, азық-түлік  сынды маңызды гуманитарлық көмек көрсетті.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі аясында Қазақстан Республикасының Президенті 100 млн. АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақыттағы техникалық көмек көрсету туралы келісімді Қазақстан Республикасы Парламенті бекіткен.

Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін 20 миллионнан астам АҚШ доллары бөлінді, Бішкек және Ош қалаларында екі жалпы білім беретін мектеп салынды. Қырғызстан экономикасына қазақстандық инвестициялардың көлемі 820 млн. АҚШ долларын құрады. Соның арқасында мыңдаған Қырғызстан азаматтары жұмыспен қамтамасыз етілді. Инвестициялар көлемі әлдеқайда көп болуы мүмкін еді, бірақ оның өсуі қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты қолайсыз инвестициялық ахуалмен шектелуде», – деп мәлімделеді.

Қазақстанда 125 мың еңбек мигранттары тіркеліп, өмір сүріп жатқаны белгілі. Сонымен қатар олар біздің мемлекетіміздің тарапынан  әлеуметтік және медициналық кепілдіктермен қамтамасыз етілген.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында, қазіргі уақытта Қырғызстанның үлесі ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасында импорттық кедендік баждардан түсетін кірісті бөлуде 1,9 пайызды құрайды. Бұл Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кіргеннен бері Қырғыз Республикасының бюджетіне кірістердің күрт ұлғаюына әкелді. 2016 жылы кірістер 187,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кірер алдында Қырғызстан көрсеткіштерінен 3 есе асып түседі.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы темір жол көлігі қызметтеріне, оның ішінде тарифтік саясат негізіне қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы Келісімге сәйкес Қырғыз Республикасы 2017 жылғы 10 қаңтардан бастап бірыңғай теміржол тарифін қолданады, бұл Қырғыз Республикасының қосылуы туралы Келісімге қарағанда 8 ай бұрын жасалған. Тарифті мерзімінен бұрын қолдану кезеңінде Қазақстанның тікелей шығыны шамамен 49 млн. АҚШ долларын құрады, бұл Қырғызстан экономикасына тиімді.

Қырғыз тарапы санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйелерді ЕурАзЭҚ талаптарына сәйкестендіру жөніндегі міндеттемелерді орындамағанын атап өткен жөн. Бұл тұтастай қазақстандық нарық пен интеграциялық бірлестіктерді қауіп-қатерге душар етеді. Осыған қарамастан қазақстандық тарап Қырғызстанның ауылшаруашылық өнімдерінің қазақстандық нарыққа шығуына және Қазақстан аумағы арқылы транзитке қол жеткізуге бағытталған бірқатар шараларды қабылдады. Қырғызстаннан Ресейге дейін Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған тауарлардың тізбесі айтарлықтай кеңейтілді (100-ге дейін тауар топтары).

Ветеринарлық және фитосанитариялық карантиндік пункттер қазақстандық техникалық көмек қорымен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде, карантиндік және ветеринарлық зертханалармен жабдықталатын болады, ветеринариялық препараттарды тіркеу және сертификаттау орталығы салынады және жабдықталады. Қазақстан Республикасының кеден органдарында Қырғыз Республикасына қытай тауарларының күрт ұлғаюы және Қырғыз Республикасынан Қазақстанға ұқсас тауарлар импортының пропорционалды түрде өсуі байқалады, бұл кедендік басқарудың тиімсіздігімен байланысты. Соған қарамастан, қазақстандық тарап қырғыз тауарларына ешқандай шектеу шараларын қолданбайды.

Қытайлық тауарларды қайта экспорттау туралы қолда бар деректерге қарамастан, Қырғызстан тауарларының Қазақстан бойынша еркін жүруін қамтамасыз етуге міндетті міндеттемелер толық қамтамасыз етілді.

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің болжамды шығындары шамамен 100 млн АҚШ долларын құрады, ал Қазақстанның ҚҚС бойынша шығындары – 155,8 млн АҚШ долларын құрады.  Бұған қоса, біз Қырғызстан аумағынан осы тауарлардың кері экспорты туралы білеміз (мұнай және мұнай өнімдері, қара және түсті металдар сынығы, жануарлардың терісі мен жүні және т.б.) туралы білетінімізге қарамастан, біз Қырғызстан үшін маңызды бірқатар тауарларға қатысты кедендік баж салығын қолданбаймыз.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық аспектілерінің толық тізбесі емес. Қорытындылай келе, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың алыпсатарлық шабуылдарына  қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық әріптестігі мен ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге ниетті», – деп түйіндейді ҚР Үкіметі Басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз