12 қазанда Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған және Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілішсі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.
Режеп Тайып Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев 12 қазанда екіжақты кездесу өткізіп, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді.
Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.
Бұдан бөлек 12 өазанда Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Астана қаласына мемлекеттік сапары өтеді.
Сапар аясында екі елдің ірі компанияларының қатысуымен инвестициялық форум өтеді.
Бұған қоса, Қатар әмірі де Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке қатысады.