17 ақпанда үкімет қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген. Мауберлинова 2016-2018 жылдары ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпарат комитетінің төрағасы, 2018-2019 жылдары ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары, 2019-2020 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.