Ғабидолла Әбдірахымов үкімет қаулысымен Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды
44 жастағы Әбдірахымов Лондонда түсірілген даулы видеодан соң Шымкент қаласы әкімі қызметінен кетті. Ол видеода өзін “отанымның патриотымын” деп атап, “жастарды Қазақстанда сәтті жұмыс істеп, әлемді аралап, саяхаттауға” шақырған.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, “Болашақ” бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған.
1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарған.
2008-2012 жылдары — премьер-министр кеңсесінің басшысы болған.
2012-2013 жылдары — Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болды.
2013-2015 жылдары — президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.
2017-2018 жылдары — “Нұр-Отан” партиясының хатшысы.
2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.
2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.