Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
Осыған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі болған Дәурен Абаев президент әкімшілігінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Ал президент әкімшілігінің бірінші орынбасары болған Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып сайланды.
Аида Балаеваның саяси карьерасы 1999 жылы басталып, біраз уақыт Алматы қаласы әкімдігінде ақпарат, ішкі саясат басқармаларында жұмыс істеген.
2008 жылы Астана қаласы ішкі саясат басқармасын басқарған. 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. 2014 жылы президент әкімшілігіне ауысқан.
2019 жылы шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балаеваны өзінің көмекшісі ретінде тағайындады. Бұл қызметпен қатар Балаева президент әкімшілігіндегі Тоқаевқа келіп түскен өтініштер мен арызданды бақылау бөлімін басқарған.