Сенаттың жаңа төрағасы сайланды

0
86
Қазақстан парламенті Cенатының ғимараты.

Мәулен Әшімбаев парламент сенатының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Мәулен Әшімбаевты бүгін, 4 мамырда түсте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатып, парламент сенатының депутаты етіп тағайындаған.

1971 жылы Алматы қаласында туған Мәулен Әшімбаев 2006-2011 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, 2012 -2018 жылдары пардламент мәжілісінің депутаты, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2018 -2019 жылдары “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылы маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланғаннан кейін оның көмекшісі, 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамырдың 2-сіндегі жарлығымен сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның өкілетін тоқтатқан, бірақ себебін түсіндірмеген. Саясаттанушылар мұны “билік транзитіне әсері бар қадам” деп бағалаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз