АҚШ Иранға қарсы санкцияларды кеңейтті

0
96
дереккөзден

АҚШ Иранға қарсы санкцияларды кеңейтті. 10 мамыр АҚШ-тың қаржы министрлігінің сайтында жария етілген санкция тізімінде алты физикалық тұлға мен «Ислам революциясының қорғау күші» қорғаныс құрылымымен байланысы бар үш фирма бар.

АҚШ Қаржы министрлігінің таратқан ақпарына сәйкес, Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесе енгізілген санкциялар «Ислам революциясының қорғау күші» қорғаныс құрылымының бақылауындағы валюта айырбастаудың «көлемді желісін» бұғаттауды көздейді.


8 мамыр Дональд Трамп Тегеранның атом бағдарламасы бойынша халықаралық келісімін тәрк еткеннен кейін Иранға қарсы санкциялар алғаш рет қатаңдатылды. Трамп өз шешімін Иран ядролық қару жасақтауды жалғастыруда деген сөзімен түсіндірді. Трамп сондай-ақ Иранды лаңкестікті қолдауда деп айыптады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз