Ирандық рухани көсемі Израильге сес көрсетті

0
125

Иранның рухани көсемдерінен аятолла Ахмед Хатами «егер Израиль өзің ессіз ұстайтын болса», Тель-Авив пен Хайфуды ойсыратам деп сес көрсетті. Deutche Welle таратқан ақпарға сәйкес, Хатами аталған мәлімдемені 11 мамырда Иран телевизиясынан тікелей көрсетілім болып жатқанда жұма күнгі ғибадат барысында мәлімдеді. Сондай-ақ Аятолла Батыстың қысымына қарамастан, Иран өзінің зымыран күшін кеңейте беретінін алға тартты.

Бұған дейін Израиль Сириядағы Иранның барлық инфрақұрылымы жойылған операция өткіздік деп мәлімдеді. Бұған дейін ислам революциясының қорғау корпусының әскерилері Израиль таратқан ақпарға сәйкес, Израиль Сирия аумағынан аннексиялаған Голан шыңдарындағы Израильдің әскери базаларына шабуыл жасаған.

Израиль тарапынан әскери операцияларға Иранның реакциясы

Тегеран 1 мамырда Голан шыңдарындағы шабуылдар Иран тарапынан болмағандығын алға тартты. «Израиль Сирия нысандарына шабуылды ақтап алу үшін жалған және негізсіз айыптарды пайдалануда», – деп мәлімдеді Иран СІМ өкілі Бахрам Гасеми. Гасеми сондай-ақ Израильдің әрекеттеріне Батыс реакциясын айыптады.

10 мамырда Иран меджлисінің қауіпсіздік мәселелері бойынша комитет басшысы Мохаммед Нобандегани Иранның Сирияда әскери базасы жоқтығын алға тартып, тек әскери кеңесшілері барын атады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз