200-ден астам түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады

0
113

Білім министрі Ерлан Сағадиев 2018 мектеп бітіруші 250 түлектің Ұлттық біріңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыратынын мәлімдеді.

Ерлан Сағадиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бітіруші түлектерді алаңдатып жүрген бірнеше сауалдарға жауап бере отырып, «250-ге жуық мектеп бітіруші түлек биылғы жылы алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырады деп күтілуде. Ағылшын тіліне аударылған тест сұрақтары енгізіледі, ешқандай жеңілдік берілмейді. Яғни бұл оқушылардың өздерінің ниеті бойынша жасалып отыр», – деп мәлімдеді.

Министр сондай-ақ, ҰБТ форматына 2018 жылы өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз