4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Ғалымжан Қойшыбаев кейінгі 4 жылда Үкімет аппаратының басшылығына бесінші рет қайта тағайындалған.
- 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
- 2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
- 2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
- 2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
- 2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
- 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.