Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

0
241
primeminister.kz

4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Ғалымжан Қойшыбаев кейінгі 4 жылда Үкімет аппаратының басшылығына бесінші рет қайта тағайындалған.

  • 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
  • 2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
  • 2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
  • 2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
  • 2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
  • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз