«АҚШ санкцияларының салдары қарапайым адамдарға тиеді»

0
85

Ресейдің Үкімет басшысы Дмитрий Медведев импорт алмастыру жөніндегі үкіметтік комиссияның отырысында АҚШ-тың Ресейге жариялаған санкцияларының салдары қарапайым азаматтарға кері әсер ететінін хабарлады Russian Today.

Медведев кездесуде: «АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялағанынан хабардарсыздар. Бұл жағдай Ресейдің қор нарығы мен валютаға кері әсерін тигзді. Әрине бұл биржалық индекс пен ресейлік компаниялардың құлдырауына алып келді. Осыған қарамастан жағдайды бақылауда ұстауымыз керек», – деп мәлімдеді.

Ол, сондай-ақ, АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары он мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындардың жұмысына кері әсер еткенін айтты. «Экономикалық санкциялар, саяси қысым жасаудың құралы болғанымен, ақырында оның салдары қарапайым адамдарға тиеді. Біз соққының астында табысты жұмыс істеуіне 10 мыңнан астам адам жауап беретін стратегиялық және жүйені қалыптастырушы компаниялар қалатынын көріп отырмыз», – дейді премьер-министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз