Лондон химиялық шабуылға жауап қайыруға келісті

0
67
Дума, Сирия/дереккөзден

Ұлыбритания премьері Тереза Мэй АҚШ прездиенті Дональд Трамптың химиялық қару қолданған Сирия режиміне қарсы халықаралық шара  қолдану туралы ұсынысымен келісті. Бұл туралы 13 сәуірде британ үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ пен Ұлыбритания басшылары телефон арқыл сөйлесу барысында Башар Асад режиміне халықаралық деңгейде жауап қайыру үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

АҚШ Сирияға қатысты әзірге шешім қабылдамады

Deutsche Welle таратқан ақпарға сәйкес, Ақ үй Башар Асад режиміне және Дума қаласындағы мүмкін химиялық шабуылға қатысты әзірге шешім қабылдамады. Бұл туралы АҚШ президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің басшысы Сара Сандерс Трамптың 12 сәуір АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесімен кездесуінен кейін мәлімдеді.

Бұған дейін Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Сирияға соққы жасалса, АҚШ пен РФ арасындағы соғыс сценарийін жоққа шығармады. Дума қаласындағы химиялық шабуыл ықтималдылығына қатысты РФ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын 13 сәуірде өткізуге ұсыныс тастаған еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз