Қытай Қазақстан экономикасына 15 млрд $ құйған

0
119
дереккөзден

Бейжіңде Қазақстан мен Қытай үкіметі арасындағы инвестицияны кеңейту және өзара қорғау туралы келісім жобасын талқылау келіссөздерінің бесінші раунды өтті.

12 сәуірде ҚР инвестициялар және даму министрі таратқан ақпарға сәйкес, келіссөздер барысында тараптар ұлттық мүдделерді есепке ала отырып, жекелеген нормалар барысы келіссөзіне қол жеткізді, келісім жобасының мәтінін талқыға салды.

Министрліктің ақпараты бойынша, қол жеткізілген нәтижелер екі ел арасындағы сапалы халықаралық-құқықтық базаны дамыту жолында бірлескен жұмыстың басталуы және екі елдің бизнес үшін өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге негіз болады.


2005 жылдан 2017 жылға дейінгі 9 ай аралығында Қытайдан Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 15 млрд доллардан асқан, Қазақстаннан Қытай экономикасына тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 500,4 млн долларды құраған.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз