Макрон: «Сирияда химиялық қару қолданылғаны туралы дәлел бар»

0
89
дереккөзден

Францияда өткен аптада Сирияда болған химиялық шабуыл жайында дәлелдер бар. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон TF1 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Франция билігі барлық ақпарат тексерілгеннен кейін Сирияда қандай әрекет жасау керек екендігін шешетін болады. Бұл туралы Би би си орыс тілді агенттігі хабарлайды.

Эммануэль Макрон: Бізде өткен аптада Сирияда химиялық қару қолдану тәсілімен жасалған шабуылды Башар Асадтың режимі жасағандығына дәлелдеріміз бар. Біз халықаралық заңдарды бұзып, қалағанымызды жасаймыз деп ойлайтын режимдердің әрекетіне жол бермейміз.

Химиялық шабуыл туралы және Сириядағы жағдай туралы бейсенбі күні Германия канцлері Ангела Меркель сөз сөйлеп, «Егер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері дипломатиядан тыс қадамдар жасаса ГФР оларды қолдайды», деп мәлімдеген болатын.

Ангела Меркель: Германия соғыс әрекеттеріне қатыспайды. Мұны тағы да түсінікті етіп хабарлағым келеді. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Бірақ біз химиялық қаруды қолдануға жол бермеу керек екендігін түсіндіретін барлық әрекеттерді қолдайтын боламыз.

Германия канцлері мен Франция президенті өзара Сирия мәселесіне қатысты ұстанымдарымен келісетіндігін атап өтті. Макрон қақтығыстың одан әрі ушығуына жол бермейтінін, сондай-ақ Францияның мақсаты Сирия режимін химиялық қаруды қолдану мүмкіндігінен айыруы екенін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз