Қазақстаннан шет елге қоныс аударғандар саны артқан

0
209
дереккөзден

Екі ай ішінде мемлекет аумағынан 4500 адам өзге елдерге қоныс аударған. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 %-ға көп.

Ұлттық экономика министрлігі статистика Комитетінің таратқан ақпарына сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстаннан 4537 адам өзге шет елдерге қоныс аударды. Бұл 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы есептік көрсеткіштен 32 %-ға көп, яғни 3428 адам Қазақстаннан өзге шет елдерге экономикалық, саяси және т.б жеке себептеріне байланысты қоныс аудраған. Сонымен қатар, дәл осы кезеңде Қазақстанға көшіп келген азаматтар саны 2580 адамды құрады.

18 мың неке тіркелген

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 18 мың неке тіркелген – бұл көрсеткіш 2017 жылғы кезеңдегі көрсеткішпен сәйкес келеді.

Бұдан өзге осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 9000 ажырасу ісі тіркелген (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштер тең).

Халық саны 18,2 миллион адам

2018 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқының саны 18,2 миллион адамды құрады. Қазақстандағы қала тұрғындарының саны ауыл тұрғындарынан қарағанда екі есе жылдам өсіп келеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз