Үкімет басшысы Атырау облысына келді

0
70
/Үкімет басшысының баспасөз қызметі

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Атырау облысына келді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралау жоспарланған. Бұл —«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан полиэтилен жабындар шығаратын зауыт пен газ турбиналы электр стансасы; «Ақтөбе — Атырау — Астрахань» автожолының бір бөлігі болуы тиісті Орал өзеніндегі көпір; «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы зияткерлік кен орны.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Атырау облысының студент жастарымен кездесуде президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелері, атап айтқанда, білім алудың қолжетімділігін арттыру және студенттердің жатақханадағы жағдайларын жақсарту мәселелерін талқыламақ.

Бұдан өзге облыстың денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен кездесу өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту, 2018 жылға арналған өңір экономикасының дамуына арналған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу, шағын несие беруді көбейту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері облыстың жұмыс активімен және бизнес өкілдерімен кездесуде талқыланады.


Бұған дейін Б. Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарына жұмыс сапарымен болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз