Сомалиде стадиондағы жарылыста футболшылар көз жұмды

0
95

Сомали Федеративтік Республикасында стадиондағы жарылыста 5 адам көз жұмды. Бұл туралы russian.rt хабарлайды.

Жарылғыш зат жергілікті командалар арасындағы матч кезінде іске қосылған.

«Жарылыс жергілікті футболшылар мен оның жанкүйерлеріне қарай бағытталған. Оқиғадан 5 адам қаза тапқанын және 10-нан астам адамның жарақат алғанын хабарлаймыз», – деп мәлімдеді Жергілікті билік өкілдері. 

Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың мәліметінше жарылыстан 3 футболшы қаза тапқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз