Оралу
Саясат «Астана келіссөздері Сирия мәселесін шешпейді»
Астана тек келіссөздер жүргізетін орын ғана. Себебі, Қазақстан Сирия мәселесін тікелей шешетіндей алып мемлекет емес дейді саясаткер Дос Көшім kazаknews.kz тілшісіне берген сұхбаты барысында.
Қазақстан өз мүмкіндігін топшылай отырып, Сирия келіссөздеріне өз қауқарынша араласты. Дегенмен, Сирия мәселесі өте күрделі, тек бір келіссөздер мен кездесулер мәселенің түйінін тарқатпайды, дейді саясаткер.
Бұдан өзге Д. Көшімнің пікірінше, Франция мен АҚШ-тың жүргізіп отырған саясаты Сирия мәселесін шешеді деген сөз емес. Аталған мәселеге тікелей қатысы бар мемлекеттердің де араласуы міндет. Себебі, мәселенің тереңдегені сонша бұл Сириядағы азаматтық соғыспен шектелмей, басқа мемлекеттердің, басқа саясаттың, басқа көзқарастар мен мақсаттардың араласауы салдарынан ушығып кетті. Тіпті Сирияның мәселесі жайына қалып, АҚШ пен Ресейдің өзара қырқысы саяси аренаға еніп кетті, түсінбестік өзге мемлекеттер төңірегінде өрбіді дейі саясаткер.
Атап өтерлігі, сәуірде Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-қа жасаған мемлекеттік сапары барысында Сирия бойынша Астана процесінде “нәтиже жоқ”, ол тек “Сирияны бөлінуге әкеп соқтырады” деп мәлімдеген болатын. Дегенмен, Франция президенті Астана процесі Сирияға қауқарлы ықпал ететін аймақтағы маңызды бірқатар елдердің басын қосатындығын да атап өтті.
Сабина Ақтай