Мирзиёев пен Ердоған келіссөз өткізді

0
85

Өзбекстан және Түркия президенттері екі мемлекеттің ресми өкілдері аясында келіссөздер өткізді.

Келіссөздер барысында екі мемлекет сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, ғылым және т.б салаларда ынтымақтасу мәселелерін талқылады.

Келіссөздердің басты тақырыптарының бірі – Өзбекстанда туризм инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларына түрік инвестицияларын тарту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселес, деп жазады УзА.

Бұдан өзге келіссөздер барысында Өзбекстандағы қажылық туризмді дамытуға қатысты практикалық тұрғыда пікір алмасылды.

Түркия мен Өзбекстан арасында сауда айналымы өскен

Тараптар тауар айналымын үздіксіз арттыру және ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастықты дамыту арқылы сауданы әртараптандыру мәселелері бойынша бірауыздан пікір білдірді.

2017 жылы Түркия мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 30 %-ке ұлғайып, 1,5 миллиард долларды құраған.

Өткен жылдың өзінде-ақ түрік іскер азаматтарының қатысуымен Өзбекстанда 20 кәсіпорын құрылып, 53 компания өкілдері аккредитациядан өткен. Бүгінгі күні аталмыш мемлекетте түрік капиталының қатысуымен 550 фирм мен компания қызмет жасауда.


Еске салсақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жексенбіде Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді. 1 мамырда Түркия президенті Бұхараға сапарлайды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз