Астанада Қазақстан-Мысыр бизнес форумы өтті

0
75
Қазақстан-Мысыр бизнес форумы. Астана.

наурыз күні Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Ахмед Таха Борайе бастаған бизнес-делегация Қазақстанға жұмыс сапармен келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар шеңберінде қазақстандық компаниялар менеджментінің қатысуымен бизнес-форум, мысырлық делегацияның бір қатар министрлік пен ведомстволардың Астана қаласы әкімдігінің, “Атамекен” ҰКП, “KIT” бизнес қауымдастығының басшылығымен кездесулер өткен.

Форумда”Kazakh Invest” ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Биримжан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндаған. Оның айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен жағдайларын талқылау барысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін бірыңғай келіссөзші рөлін “Kazakh Invest” ҰК АҚ атқарады.

Қазақстан мен Мысыр арасындағы сауда-экономикалық салада тығыз ынтымақтастық орнатылған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымы 83,9 млн. АҚШ долларын көрсетті. Экспорт құрамында басым бағытмұнай және металл өнімдері, зығыр тұқымдары және т.б. Импорт құрамында – хош иісті заттар, химиялық өндіріс тауарлары, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің бұйымдары және т.б.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз