Мамин Дүниежүзілік банк және ЕҚҚДБ өкілдерімен кездесті

0
85
Асқар Мамин, Ато Браун және Әлихан Смайылов.

5 наурыз күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің өңірлік директоры Агрис Прейманис және Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілі Ато Браунмен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Асқар Мамин мен Агрис Прейманис жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), инфрақұрылым мен көлік, қаржы секторы арқылы ШОБ-ты қолдауға баса назар аударумен энергетикалық сектордағы өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттары және басқа да мәселелерді талқылады. МЖӘ саласындағы, реттелетін секторлардағы трансформация және жекешелендіру үрдістеріндегі, тарифтік саясаттағы реформалар қарастырылды.

ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастық жылдары Қазақстанда жалпы сомасы €7,676 млрд болатын 253 жоба қаржыландырылды. ЕҚҚДБ жобаларының ағымдағы қоржыны жалпы сомасы $2,75 млрд болатын 123 жобадан тұрады.

Ато Браунмен Әріптестіктің шекті стратегиясы мен Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының іске асырылу барысы қарастырылды. 2019–2024 жылдарға арналған Әріптестіктің елдік стратегиясының жобасына, атап айтқанда, адам капиталының сапасын арттыру, жекеменшік секторды, инвестициялық ахуал мен сауданы дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы мен өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Дүниежүзілік банктің жобалар қоржыны бүгінгі таңда 22 жобаны қамтиды, оның ішінде 7 ағымдағы жоба (шекті келісімнен тыс) және Әріптестік туралы шекті келісім аясында 15 жоба қамтылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз