Қазақстанның Қытайға қанша қарызы бар?

0
159
дереккөзден

Қаржы министрі Әлихан Смаилов мәжіліс кулуарында Қазақстанның Қытайдан алған қарызы турасында баяндады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

“Қытайға мемлекеттік қарызымыз жоқ, тек кепіл қарызы бар – 1,2 млрд долларды құрайды (шамамен 453 млрд теңге), бұл автожолдар жобасын жүзеге асыру үшін бұған дейін Қытайдың Эксимбанкі және Қытайдың мемлекеттік даму банкінен тартылған мемлекеттік кепіл несиесі”, – деп мәлімдеді Смаилов.

Министр кепілге алынған несиенің ерекшелігін бұл үкіметтік несие емес, ұлттық компанияның берген қарызы деп түсіндірді. Мысалы, “ҚазАвтоЖол” мемлекеттік компаниясы немесе әкімдік мемлекеттен кепілдікпен несие алғаны сияқты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз