Қазақстан елшісі АҚШ президентімен кездесті

0
297
АҚШ президенті Джо Байден және Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев. Photo: MFA Kazakhstan

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев президент Джо Байденмен кездесті. Бұл туралы 9 сәуірде сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“4 сәуірде Ақ үйде өткен протокол іс-шарасы барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбаттасты. Әңгіме барысында қазақстандық дипломат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті”, – делінген СІМ таратқан ақпаратта.

АҚШ президенті өз кезегінде екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын жеткізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз