Қазақстан Тайваньды Қытай аумағының ажырамас бөлігі деп санайды

0
225
photo: aif.ru

ҚР Сыртқы істер министрлігі Тайвань бойынша ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды”, – делінген ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың Тайвань бойынша түсініктемесінде.

Сондай-ақ ол шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР Үкіметімен келісілуі тиіс деп санайтынын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз