Қазақстанда Сирия бойынша Астана процесі жалғасады

0
89
2018 жылдың 16 наурызында Астанада өткен Сирия келіссөздері.

7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, алдағы кездесуде кепілгер елдер – Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдері қатысады. Бақылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады.

Келіссөздердің күн тәртібі:

  • Сириядағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал;
  • Сирияға халықаралық ізгілік көмек көрсету;
  • Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары;
  • Тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқын алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу.

Жиынның бірінші күні екіжақты және кепілгер елдердің үшжақты консультацияларын, сириялық тараптармен келіссөздер, бақылаушы тараптардың делегацияларымен байланыстар, ал екінші күні консультацияларды жалғастыру және жалпы отырыс өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар кепілгер елдердің, БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталған тұлғалар бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы күн тәртібінде тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз