БҰҰ Каспий саммитін қолдайды

0
84

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
туралы конвенцияға қол қоюын құптайды. Бұл туралы мәлімдемені Біріккен
Ұлттар Ұйымының хатшылығы таратты.

«Бұл тарихи құжат халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін аса маңызды болып табылатын өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын
көрсетеді», – деп айтылған хабарламада.

БҰҰ Бас хатшысы Конвенцияның Каспий теңізі жағалауы елдері арасындағы
ұзақ мерзімді проблемаларды реттеуде ауқымды рөл атқаруы тиіс деп санайды және өңірлік шиеленісті азайтуда маңызды қадам болып табылады.
Антониу Гутерриш, сондай-ақ, Конвенцияға қол қойған барлық елдерді өңірлік
ынтымақтастық пен көпжақты дипломатияның ерекше мәні бар жетістіктерімен
құттықтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз