Қасиетті Құрбан айт мейрамы 21 тамызда басталады

0
296

Ағымдағы жылдың 21 тамызы қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұсылман күнтізбесіне сәйкес биыл зүлхиджа айының алғашқы күні тамыздың 12-не, ал Арапа күні тамыздың 20-на сәйкес келеді.

Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.

Әбу Қатадан жеткен хадисте: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады…», – делінген.

Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет.

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал, қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Айт намазына келсек, жұ­ма на­ма­зы па­рыз бол­ған жан­дар­ға Ораза айт және Құрбан айт на­маз­дары – уә­жіп. Айт на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы уақы­ты – күннің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­де­гі уақыт. Бұл ша­ма­мен күн шық­қан­нан кейін 50-55 ми­нөт­тей өт­кен­нен кейін басталып, бе­сін на­ма­зы­ның кі­руіне дейін жал­ға­са­ды.

Құр­бан на­ма­зын ке­шік­тір­мей, ал, Ра­ма­зан айт на­ма­зын аз­дап ке­шік­ті­ру – сүн­нет. Ра­ма­зан айтта айт на­ма­зы­нан бұ­рын құр­ма се­кіл­ді бір нәр­се жеу, Құр­бан ай­тын­да бол­са, айт намазы оқыл­май тұ­рып еш­те­ңе же­меу – мұс­та­хап.

Бу­рәйда (р.а.) бы­лай дейді; «Аллаһ Елші­сі (с.а.у.) Ра­ма­зан ай­тын­да дәм тат­пай үй­ден шық­пай­тын. Ал Құр­бан ай­тын­да на­маз оқы­ған­ға дейін еш нәр­се же­мей­тін».

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз