2 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі етіп 2017 жылдан бері осы облыстан Сенат депутаты болып келген Нариман Төреғалиевті тағайындады.
Төреғалиев аймақты 2019 жылдан бері басқарып келе жатқан Ғали Есқалиевті алмастырды.
58 жастағы Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстанның тумасы. 2000 жылдан бері мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарған. 2012-2015 жылдары Ақжайық ауданының әкімі, кейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Орал қаласының әкімі болған.