Қазақстан биыл “Тұңғыш президент күнін” тойламады

0
198
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан биыл алғаш рет тұңғыш президент күнін тойламады. Бұрын мемлекеттік деңгейде сән-салтанатымен мерекеленетін дата биыл елеусіз өтті. Күзде парламент бұл күнді мемлекеттік мереке қатарынан шығарып тастаған.

7 қыркүйекте мәжіліс депутаттары “Мерекелер туралы заңға” өзгеріс енгізіп, 1 желтоқсанда тойланатын Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке тізімінен алып тастауды мақұлдады.

Тұңғыш президент күні енді “қоғамдық жоғары маңызы бар дата” болды. Бұған қоса, мәжіліс 25 қазан Республика күнін қайтарып, ұлттық мереке статусын берген. Ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке статусына түсті.

2011 жылы 10 желтоқсанда парламент “Мерекелер туралы” заңға толықтырулар енгізіп, 1 желтоқсанды Тұңғыш президент күні ретінде атап өтуді мақұлдаған. Депутаттар бұл датаны елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “мемлекет алдындағы еңбегін таныту мақсатында” мемлекеттік мереке деп жариялаған еді.

Кейінгі кезде Назарбаевқа қатысты шешімдердің көбін мәжіліс депутаттары ұсынып жатыр. Мәселен, 5 мамырда мәжіліс референдум туралы заңнан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты бөлімді алып тастау ұсынысымен келіскен. Кейін 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдумнан кейін бас заңнан Назарбаевқа берілген “Елбасы” статусы алынды. Ал 2 қыркүйекте мәжілістің бір топ депутаты Нұр-Сұлтан қаласына “Астана” атауын қайтаруды ұсынды.

Депутаттардың басым бөлігі Назарбаев тұсында оның саясатын жаппай қолдайтын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз