19 ақпан күні Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінен босады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алексей Владимирович Цой басқа жұмысқа ауысына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметіне тура екі жыл бұрын – 2017 жылдың 17 ақпанында тағайындалған еді.