Қазақстан үкіметінің жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне Талғат Момышев тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
53 жастағы Талғат Момышев Ақмола облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 1994-1996 жылдары қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінде қызмет атқарған. 2014-2016 жылдары энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болған.
Осы жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болған.