Экология вице-министрі тағайындалды

0
196
Экология вице-министрі Талғат Момышев.

Қазақстан үкіметінің жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне Талғат Момышев тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

53 жастағы Талғат Момышев Ақмола облысында дүниеге келген.  Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.  Мамандығы инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 1994-1996 жылдары қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінде қызмет атқарған. 2014-2016 жылдары энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болған.

Осы жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз