Экзит-полл нәтижесі: Тоқаев жеңіске жетті

0
201
Экзит-полл нәтижесі жарияланған сәт.

Қазақстанда президент сайлауының экзит-полл нәтижесі жарияланды. “Ашық қоғам” институтының мәліметінше, Тоқаев 82,45 пайыз дауыс алған. Ал сайлауға келгендердің 5,2 пайызы “бәріне қарсымын” графасы таңдаған.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%
  • “Бәріне қарсымын” графасы – 5,2%
  • Жигули Дайрабаев – 3,33%
  • Қарақат Әбден – 2,54%
  • Мейрам Қажыкен – 2,23%
  • Нұрлан Әуесбаев – 2,17%
  • Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сайлауға дауыс беруге құқылы азаматтардың 68,7% келген.

Президент сайлауына алты кандидат – қазір билікте отырған 69 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев пен көпшілік онша танымайтын бес адам түсті. Кей сарапшылар мен халықаралық талдаушылар Ақорданың берген уәдесіне қарамастан, сайлау шынайы саяси бәсекесіз өтіп жатыр деп есептейді.

Тәуелсіз сарапшылар мен халықаралық талдаушылар бұл жолы сайлау бюллетеніне енгізілген алты адамның біреуінен басқасын қазір билікте отырған президентке “формалды бәсекелес” деп санайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз