Футболдан әлем кубогы басталды

0
209
Катар-Эквадор матчы. Photo: AJ

20 қараша күні Катарда футболдан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы матчында Эквадор алаң иелері Катарды 2:0 есебімен жеңді. Алғашқы матчқа Таяу Шығыс елдерінің лидерлері келді.

Әлем чемпионаты араб елінде және Таяу Шығыста алғаш рет өтіп жатыр. Катардағы күн ыстық болғандықтан жарыс бірінше рет күз-қыс мезгілінде ұйымдастырылды.

Бұл жарыс Украинадағы соғыс тұсында басталды. Турнирге Ресей мен Украина қатыспайды, FIFA Кремль Украинаға басып кірген соң Ресей құрамасын бүкіл жарыстардан шектеген. Ал Украина құрамасы іріктеуден өте алмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз