Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин Гүлшара Әбдіқалықованы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне ұсынды. Ұсынысты 104 депутат мақұлдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, 20 тамыз күні Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылған болатын.