27 маусымда Үкімет қаулысымен Ыдырысов Алмаз индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмаз Ыдырысов еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастаған. 2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы. 2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті. 2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары. 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болған. 2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.