ДДСҰ маймыл шешегін “маңызы бар төтенше жағдай емес” деген шешім шығарды

0
173
фото: Pixabay, маймыл шешегі ауруы, көрнекі сурет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар комитеті маймыл шешегінің соңғы өршуі денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай (ХМБТЖ) емес деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешімді төтенше жағдайлар комитеті ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесуске ұсынып, нәтижесінде Тедрос бұл шешіммен келісетіндігін жеткізген.

Сондай-ақ комитет қазіргі маймыл шешегі ауруының көптеген аспектілері бұрын-соңды тіркелмеген елдерде ерекше екенін атап өтті. Вирустың таралу жағдайларының басым көпшілігі гомосексуал ер адамдар арасында орын алуда.

Комитет қалыптасқан ахуалдың төтенше сипатын және вирустың таралуына қарсы қарқынды шараларды қажет ететінін бірауыздан мойындады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз