Қазақстанда әуе рейстерін қолданатын жолаушылар саны артты – Зерттеу

0
219
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

Қазақстандықтар ұшаққа жиі отыра бастады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында әуе көлігімен 3,6 млн адам тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 7,7% пайызға көп. Осы аралықта жолаушылар айналымы 5 877,1 млн/ж-км құрап, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20% пайызға жоғары болған.

Тасымалданған жолаушылардың негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі – 2,5 млн жолаушы.
Кәсіпорындардың жолаушылар тасымалынан түскен табысы 157 650 млн теңгені құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз