7 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

“Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 5 ақпанда президент қазірге дейін Әлихан Смайылов басқарып келген министрлер кабинетін таратты. Үкімет жетекшілігін уақытша атқаруды Роман Склярға тапсырды.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан үкіметін кімдер басқарды?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз